Жетістіктеріміз » Бәйтерек» бөбекжайы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Бәйтерек» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 399-47-75
Есепші бөлімі:
+7(702) 399-47-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2024

Жетістіктеріміз



«Жамбыл  облысы  әкімдігінің   білім  басқармасы  Қордай   ауданының  білім  бөлімінің     

«Бәйтерек»  бөбекжай-бақшасы»  мемлекеттік   коммуналдық  қазыналық  кәсіпорынының  2024 жылға  қорытынды  жұмыстары


     «Жамбыл  облысы   әкімдігінің  білім  басқармасы   Қордай  ауданының  білім   бөлімінің    «Бәйтерек»  бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік  коммуналдық   қазыналық  кәсіпорынында  тәрбиеленушілер саны - 235 бала. Педагог-тәрбиешілер саны- 30. Жоғары білімді -29 педагог-тәрбиешілер, арнайы орта білімді – 1 тәрбиеші. Оның ішінде:  меңгеруші-1, әдіскер-1, психолог-1, дефектолог-1, логопед -1, қазақ тіл пән мұғалімі-1,  музыка жетекшісі- 2, дене тәрбиесі жетекшісі -2,  тәрбиешілер -20. 

Ұйымдастырушы-басшы-1, педагог- 5, педагог-модератор – 14, педагог-сарапшы-9, педагог-зерттеуші-1. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  АҚ филиалы сертификатын алған педагог –тәрбиешілер - 27.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті  Қордай аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі  14.10-2024 – 29.10.2024 жыл  аралығында  тексеруден   өтті.       

    2024 жылы Қордай аудандық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестивалінде ІІІ  орынмен   марапатталды.                                                                         

Қордай  аудандық  мектепке дейінгі  ұйымдар арасында өткен «Ғарышкерлер күні» сурет салу Республикалық  байқаудың  аудандық кезеңінде Ерікұлы Ерали  1 орынмен марапатталды.                    

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Барлығына рақмет!» республикалық челенджіне  балаларды жоғары кәсібі шеберлікпен дайындағаны үшін Қуат Жеңіскуль Ғалымжанқызы  Алғыс  хатпен  марапатталды.

«Білім айнасы» Республикалық  ғылыми-танымдық  басылымының  редакциясы ұйымдастырған  «Бояулар құпиясы» республикалық   жас суретшілер  байқауы   «Менің ауылым» тақырыбында өткен конкурсында  І орын алғаны үшін  Бақыт Медина,   жетекшісі - Қуат  Ж.Ғ  марапатталады.

«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» республикалық   жас суретшілер  байқауы   «Менің ауылым» тақырыбында өткен конкурсында І орын алғаны үшін Жумабаева Каусар, жетекшісі - Жунисова Г.Б    марапатталды.

«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған  «Бояулар құпиясы» республикалық   жас суретшілер  байқауы  «Менің ауылым» тақырыбында өткен конкурсында І орын алғаны үшін Қанатбек Абай, жетекшісі- Нураханова А.М  марапатталды.

Мектеп   жасына дейінгі балалар мен олардың ата – аналарының қатысуымен өткен «Шебер әке , өнерлі ана, еңбекқор бала»  республикалық байқаудың аудандық кезеңінің  «Үздік композициялық шешім» номинациясымен  тәрбиеленушілер Кенжехан Аяна, Түлкібай Ерсұлтан, Қуатбаева Раяна,   жетекшісі - Каиыпова Г.Ш, Байдильдаева М.К  марапатталды.

      Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай»  ұлттық ойындар республикалық байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпазы «Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы» номинациясымен  мектепалды топ тәрбиеленушілері,   дене шынықтыру жетекшісі -  Шуатаева Р.Ш  марапатталды.

      2024 жылы  «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқаудың аудандық кезеңінің  жеңімпазы   тәрбиеші Жапаркулова Айжан Максутовна  Бас жүлде, тәрбиеші Кайыпова Гульмира Шариповна ІІІ орын иеленді.

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі!» атты облыстық байқаудың «Іскер педагог» номинациясы бойынша жеңімпазы  тәрбиеші  Жапаркулова Айжан Максутовна марапатталды.

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Менің Елім – менің бақытты балалалық шағым»  аудандық байқаудың «Үздік композиция» номинациясымен  Джаксымбаева Айнур Булантаевна  ІІ  орынмен марапатталды.

Балаларды қорғау күніне орай «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дуальды оқытуды жүзеге асыруда «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасының ұжымына белсенді әлеуметтік серіктестігі үшін алғыс «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжінің директоры А.О.Намазованың  Алғыс хатымен марапатталды.

     «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжінде көп жылғы тәлімгерлігі мен жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасының әдіскері  Балажанова Айгерім Алимжановна  Алғыс хатпен марапатталды.

      «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты «Тәрбиелеу және білім беру процесінде отбасының рөлі: мәселелер мен шешімдері» тақырыбындағы облыстық  семинар-практикум жұмысында шебер сынып көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін  Ахметова Айнур Кадыржановна  Алғыс хатымен марапатталды.

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты «М. Монтессорий технолдогиясы» тақырыбындағы республикалық   семинар-практикум жұмысында шебер сынып көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөліскені  үшін Ахметова Айнур Кадыржановнаға   Сертификат  берілді.

«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» республикалық    жас суретшілер  байқауы «Астана күні» тақырыбында өткен конкурсында І орын алғаны үшін  тәрбиеленуші Мұрат Әмірхан,  жетекшісі- Диханбекова С.С  марапатталды.

     2024 жыл  «DIGITAL KAZAKHSTAN- ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕ» тақырыбындағы педагогтердің аудандық тамыз кеңесінде секция отырысында өз іс-тәжірибесімен  бөліскені үшін мадақтамамен  А.А  Батырханова, А.А Балажанова,  С.С Диханбекова, Н.Т  Садабаева,  Ж.А Музаева   марапатталды. 

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімі «Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен    «Қазақшаң қалай, балақай?»   аудандық байқауында тәрбиешілер: З.Ж Әлібек, М.Р Есимбекова  ІІ орынмен   марапатталды.

      Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің   «Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан зор үлесі үшін»  Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатымен  әдіскер  Балажанова  Айгерим  Алимжановна  марапатталды.  

      Қордай ауданы білім бөлімінің  «Ұстаздар күні» мерекесіне орай  Құрмет  грамотасымен   бөбекжай-бақшасының  меңгерушісі   Г.Т Баймухамбетова марапатталды. 

      Қордай ауданы білім бөлімі  «Көп жылғы еңбегімен білім беру жүйесін дамыту және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін»  тәрбиеші Лютикова М.В, музыка жетекшісі Джаксымбаева А.Б мадақтамамен  марапаттады.

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу- әдістемелік  орталығы «Заттық дамытушы орта арқылы тәрбиеленушілердің дербестігін жан-жақты дамыту» тақырыбында өтілген облыстық шебер сыныпта өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін  Г.Т. Баймухамбетова, А.А Балажанова, А.К Ахметова, С.С Диханбекова Серификатпен марапаттады. 

      2024 жылы  мектеп жасына дейінгі  ұйымдар арасында «Жүрегімді балаларға арнаймын» байқаудың аудандық кезеңінде ІІ орынды «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының ұжымы  иеленді.

2025 жылға алға қойған мақсатымыз:

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, отбасының мәдениеті мен тәрбиесіне көңіл бөлу, балаларға  қазақтың ұлттық салт дәстүрлерін дәріптеу, заманға сай   жан-жақты дамыған саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттеріміз:

  • Отбасы мен бөбекжай-бақшасы ынтымақтаса отырып, тәрбиеленушілерге ұлттық салт- дәстүрді  үйрету;
  • Ойын арқылы тәрбиеленушілердің танымдық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
  • Заттық дамыту орталықтарындағы заманауи технологиялық ойыншықтармен, интерактивті тақтамен еркін қолдану арқылы  баланың ой-өрісін дамыту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив